Меню KDT

logo.png?_=1675744736


КГУ "Оскеньская ОШ"
  • kz
  • Все новости

    7-мамыр Отан қорғаушылар күні

    Бұл күн батырлықтың, ерлік пен патриотизмнің нышаны болып табылғандықтан, мектебіміздегі оқушыларды патриотизмге үйрету мақсатымен шағын концерт ұйымдастырылды. Осы концерт барысында ерлікке шақыратын, елін сүйетін, рух беретін мағыналы өлең шумақтары және әсем әуенді әндер орындалды. Мектебіміздің директоры мектеп ұжымын аталған мереке күнімен құттықтады.

    Қазақстан өз мемлекеттілігінің дамуы барысында әрқашан елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға , қалыптасуын қамтамасыз етуін басты назарда  ұстағандықтан, келешек ұрпақтарды батырлық пен жауынгерлік дағдыға үйрету мектептен басталады. Осы орайда ұйымдастырылған "Ұранды елдің - ұрпағы қайсар" шағын концерттен Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген азаматтардың еңбектерін бағалау, құрметтеу жас ұрпақтың міндеті екенін түсінді. 6-сыныптың қыздары мектебіміздің ер балаларын өлең шумақтарымен құттықтады. 8,9 - сыныптың қыздары "Сарбаздар", "Біздің елдің жігіттері" әндерін мерекеге тарту етті. Концерт "Алға, жігіттер"  әнімен хор болып орындалып, соңында мектебіміздің директоры К.К. Ахметова құттықтады.
    10.05.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки