Меню KDT

logo.png?_=1675744736


КГУ "Оскеньская ОШ"
  • kz
  • Все новости

    Тамақтандыру ұйымдастыру мәселелері бойынша

    2о14 жылдан бастап депутаттар бастамасы және мектеп директорларының ұсынысымен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер мен тауарларды таңдау, тамақтандыру сапасына әсер ететін демпингтік бағалар болуына, сонымен қатар директорлардың тікелей бақылау мүмкіндігі болмауынан, мемлекеттік сатып алулар жүйесінен алынды.
    Бүгінгі күні орта білім ұйымдарында білім беру білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай -ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз ету Ережелері әзірленді. (БҒМ 31.1о.2о18 ж №598 бұйрығы).

    Оқушылардың сапалы және қауіпсіз тамақтандыруын ұйымдастыру мақсатында Ережелерде білікті қызметкелері бар (жұмыс тәжірбиесі, аспаздар квалификациясы, технологтар мен диетологтар, азық - түлік өндірісі, энергия үнемдегіш құрылғыларының болуы), қызметті дұрыс ұйымдастыра алатын жалға алушыны таңдау критерийлері қарастырылған.
    2о18жылдан бастап азық - түлікті дұрыс сақтау, дайын тағамдардың сапасын арттыру үшін мектеп асханаларының материалдық - техникалық базасын жақсарту мақсатында мемлекеттік - жекеменшік әріптестік механизмі енгізілді.
    Сонымен қатар, Ережелер бойынша конкурстық комиссия құрамына үкіметтік емес ұйым және ата- аналар қоғамы, қорғаншылық комитеті, аумақтық қоғамдық денсаулық сақтау органдарының өкілдері кіреді.
    Ереже бойынша тамақтандыруды ұйымдастыруда табиғи өнімдерді қолдану үшін жалға алушылардың азық түлік өндірісінің (шаруа немесе шаруа қожалығы , жылыжай және т.б) болуы және отандық өндірушілер тауарларын сатып алуы үшін қосымша балл алады.
    Тағамдардың, азық түліктердің және аспаздық өнімдердің тұтынушылық органолептикалық қасиеттері дайындау және технологиясы мен өндірістік жағдайлары балаларға арналған азық түлік қауіпсіздігі тұрғысынан Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сай болуы қажет.
    Келісімшартты бұзу немесе дұрыс орындамау жағдайында келісімшарт сот шешімі бойынша бұзылып, жалға алушы жазықсыз деп жарияланады (БҒМ 31.1о.2о18 ж №599 бұйрығы)
    2о15 жылы оқушыларды сапалы тамақтандырумен қамтамасыз ету мақсатында Министрлік пен Қазақ тағамтану академиясы бірігіп, алғаш рет мектеп оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген бір реттік тамақтандыру нормалары (ҚР Үкіметінің 12.о3.2о12ж №32о қаулысына өзгерістер енгізілді) әзірленді.
    Аталған нормаларда балалар ағзасына қажетті микронутриентттер:дәрумендер, минералдық заттар және микроэлементтер алуы қарастырылған.
    2о18 жылы 2о16-2о19 жылдарға арналған "Денсаулық "мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, сонымен қатар білім беру ұйымдары оқушылардың дұрыс тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мектеп оқушыларының тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттарын әзірледі.
    2о19 жылдан бастап Министрлік  білім беру ұйымдарының тамақтандыруды ұйымдастыруына нысанға бармай-ақ бақылау іс- шараларын жүргізуге мүмкіндік беретін, камералық бақылауды енгізді.
    Сонымен қатар, Министрлік қаржы министрлігімен бірлесіп, конкурстық рәсімдерді мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы жүргізетін электрондық форматқа ауыстыруды қарастыруда.
    Бүгінгі күні қызмет көрсетуді мектеп қызметкелері, сондай - ақ  ата-аналар қауымы тарапынан заңды түрде тұрақты бақылау мүмкіндігі қарастырылған. Әрбір мектепте тамақтандыруды бақылау комиссиясы қызмет етеді. Комиссиясыны мектеп директоры басқарып құрамына мектеп медбикесі , педагогтар, ата аналар комитеті мүшелері , қамқоршылық кеңесі кіреді.
    Ереже бойынша жалға алушы ай сайын білім беру ұйымы басшысына сапасын  куәландыратын құжаттары бар қолданылатын азық - түлік тізімін тапсыруы тиіс.
    Күнделікті медициналық қызметкер немесе жауапты тұлға дайын тағамдарға органолептикалық бағалау жүргізіп, тағамдар және аспаздық өнімдерге органолептикалық бақылау журналына жазба жүргізеді.
    Осылайша, оқушылардың тамақтану сапасына мектеп әкімшілігі тарапынан әсер етуге қажетті мүмкіндік жасалған.Аталған мәселеде білім беру ұйымы басшысының (бракеражды комиссия төрағасы) жауапкершілігі жоғары.
    Сондықтан, Министрліктің мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын арттырудағы негізгі қызметі- бракеражды комиссияның тамақтандыру сапасын бақылау қызметіне ақпараттандыру жұмысын кең көлемде  ұйымдастыру.Сонымен қатар, оқушылар мен ата - аналарға тамақтандыру дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда не істеу керектігін түсіндіру.


    03.04.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки