«Өскен негізгі мектебі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес жалпы білім беретін мектептердегі міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілген.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес жалпы білім беретін мектептердегі міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілген.

 

Жалпы білім беретін мектептердің міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес болуы тиіс. Мектеп формасының үлгісі мен түсі классикалық стильде, үш түстен артық араластырмай, бірыңғай түстер гаммасында орындалады. Түс тыныш және көзге түспейтін реңктерден таңдалады.

 

Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып енгізіледі. Ол күнделікті, салтанатты және спорттық болып бөлінеді.

 

Ұлдарға арналған мектеп формасына: пиджак, жилет, шалбар, салтанатты жейде, күнделікті жейде (қысқы кезеңде: трикотажды жилет, водолазка) кіреді. Ұлдардың шалбары еркін пішімді және ұзындығы аяқтың тобығын жауып тұруы тиіс.

 

Қыздарға арналған мектеп формасына: пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық үлгідегі блузка (қысқы кезеңде: трикотажды жилет, сарафан, водолазка) кіреді. Қыздардың шалбары еркін пішімді және ұзындығы аяқтың тобығын жауып тұруы тиіс.

 

Салтанатты форма ұлдар үшін күнделікті мектеп формасынан тұрады және оған ақ түсті жейде қосылады, қыздар үшін – ақ түсті блузка.

 

Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық формаға: спорттық костюм (спорттық шалбар, футболка), спорттық аяқ киім (кроссовка, кеды) кіреді.

 

Мектеп формасының құрамына негізгі түске сәйкес немесе мектеп формасының түсіне контраст болатын классикалық үлгідегі галстук кіреді.»

Записаться на прием